Хабарландыру

Сатып алуды ұйымдастырушы: Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Телефон: +7(7253) 36-36-36, +7(7253) 36-36-62,
Сатып алудың атауы, сипаты, көлемі және орны: Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылында орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жылу қазандықтарына қажетті 250 тонна дизель отынын сатып алу.
Сатып алу әдісі: Университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 20 бабы «ашық конкурс» талаптары негізінде.
Сатып алудың нысаны болып табылатын жұмыстың басталу және аяқталу мерзімі: Жұмыстың басталу және аяқталу мерзімі келесім шарт мәтінінде көрсетіледі.
«Ашық конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысу шарттары: Сатып алуға қатысуға университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 10 бабына сай баға ұсыныстарымен бірге төмендегі құжаттарды ұсынуларыңызды сұранамыз:
1. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық жағдайы туралы банктен алған анықтамасы (анықтама мерзімі хабарландыру жасалған күннен кейін болуы тиіс);
2. Әлеуетті өнім берушінің заң талаптарына сәйкес тиісті құзыретті органдарға тіркеле отырып, жұмыс істеуге рұқсат алғаны жөнінде растайтын құжаттары;
3. Соңғы бес жыл ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт негізінде тауарларды жеткізгенін растайтын құжаттары;
4. Дизель отынын сатып алу, сату, жеткізу бойынша сайкестігін растайтын сертификаттары;
5. Дизель отынын тасымалдайтын көлікте, сұйықтықты өлшеуіш құралының (счетчик) болуы және айдау насосы (насос для перекачки) болуы шарт.
6. Дизель отынын мына төмендегі мекен-жайларға жеткізіліп, сол жердегі дизель ыдыстарына құйып беруі тиіс:
1. Қазыбек би көшесінде орналасқан №1 қазандық (сыйымдылығы м3);
№4 оқу ғимараты, №6 жатақхана – 25.Баян батыр жатақханасы – 2.
Вивари зертханасы – 1,2. Диз.генератор-10.
2. Әйтеке би көшесінде оранласқан №2 қазандық (сыйымдылығы м3);
№4 жатақхана — 3. Яссы қонақ үйінің диз.генераторы – 5.
3. Б.Саттарханов даңғылы бойында орналасқан университет қалашығындағы №3 қазандық (сыйымдылығы м3); Рационал – 25. Диз.генератор – 1. Ректорат -25. Диз.генератор – 2. №1-2 жатақхана – 25. Диз.генератор – 1,5.
Мағжан қалашығы – 40. Диз.генератор – 10.
4. Б.Саттарханов даңғылы бойында орналасқан университет қалашығындағы №4 қазандық (сыйымдылығы м3);ХҚТУ клиникасы – 25. Орталық кітапхана – 10.
5. Н.Назарбаев көшесінде орналасқан университетке қарасты ғимараттар (сыйымдылығы м3); Ғылым орталығы — 1. Музей — 1. №18 орналасқын қызметтік үй – 1.

«Ашық конкурс» тәсілімен сатып алуға өтінімді өткізу орны және уақыты:
1. Сатып алуға қатысуға баға ұсыныстарын 2018 жылдың қараша айының 22-шы жұлдызы күні сағат 10:00-ге дейінгі мерзімде Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, №203 кабинетке тапсыруға болады.
2. Баға ұсыныстарын арнайы жеке конвертте тапсырылуы тиіс.