Халықаралық сапа жүйесіне сәйкестікті сертификаттау аудиті өтуде

Халықаралық ISO 9001:2015 стандарты бойынша IQNet Халықаралық сертификаттар жүйесінің партнері — Түркия стандарттар институты (ТСИ, Анкара) тарапынан сыртқы сертификаттау аудитін өткізу мақсатында Түркия стандарттар институтының бас аудиторы Халил Ибрахим Арслан, аудиторлар Экрем Кале және Расим Йылмаз келді. 2018 ж. 7 қарашада Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Сенат залында сыртқы аудиттің ашылу жиналысы өтті. Сыртқы аудиттің мақсаты — қолданыстағы сапа менеджменті жүйесінің Халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін бақылау және сертификат жаңарту.
07-09 қараша аралығында өтетін аудит барысында ТСИ аудиторлары тарапынан университетте және оның құрылымдық бөлімдерінде жүргізілген жұмыстардың TS EN ISO 9001:2015 стандарты баптарында (4-10) көрсетілген талаптарға сәйкестігіне, белсенділігіне және жүйелілігіне назар аударылатын болады.