Оқытушы-профессор құрамы мен студенттер назарына!

Қазақстандағы Эрасмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесі 15.11.2018 күні Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің барлық қызығушылық білдірген оқытушы-профессор құрамы, қызметкерлер және студенттерге Эрасмуз+ бағдарламасының мақсаты, мазмұны және қатысу шарттарымен (Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру және Халықаралық кредиттік мобильділік) танысу мақсатында Ақпараттық сессия өткізеді.
Өткізу орны: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Кітапхана
Семинарға барлық қызығушылық білдіргендер қатыса алады
Тіркеу уақыты 09:30-10:00. Сессияның басталу уақыты 10:00