Өкілетті кеңестің 58-мәжілісі бастау алды

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті Кеңесінің 58-мәжілісі басталды. Өкілетті Кеңес төрағасы, доктор, профессор Мұса Йылдыз Өкілетті кеңес Басқармасы тарапынан атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді. Айта кететін жайт, Өкілетті Кеңес құрамында ішінара өзгерістер болды. ҚР Ұлттық ғылым академиясының Президенті Мұрат Жұрынов Үкімет Қаулысымен жаңа мүше ретінде қабылданды. Сонымен қатар, Кеңес құрамында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, ҚР Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаменті директорының орынбасары Мейрамгүл Қоянбаева, ТР Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің Төрағасы Сердар Чам, ТР Қаржы министрлігі Салықтық бақылау кеңесінің Төрағасы Хусейн Қарқұм секілді лауазым иелері бар.

Ақпарат орталығы