Дидар Хамза тағы да дара шықты

Университетіміз үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін зор мақтанышқа толы бұл жаңалық күні кеше ғана орын алды. Оқу ордамыздың дене шынықтыру және спорт мамандығының 4-курс студенті Дидар Хамза Өзбекстан Республикасында өткен «Әлемдік Гран-При-2018»-де дзюдо спорт түрінен 81кг салмақта алтыннан алқа тағынды. Қараша айының 9-11 күндері өткізілген байрақты бәсекеде спортшымыз шешуші кезеңде Маңғолия мемлекетінің спортшысымен сынға түсіп, көк туымызды көкте желбіретті. Жастайынан осы спорт түрімен айналысқан Дидар Хамзаның жаттықтырушысы әкесі Марат Файзиев. Айта кететін жайт, бұл Дидардың алғашқы алтыны емес. Бұған дейін де Халықаралық түрлі сындарда алтыннан алқа тағынып ел мерейін асқақтатып жүрген спортшымыз әлі талай жеңісті бағындыратындығын айтуда. Тынбай еңбек етумен, жігерді қамшылаудың арқасында биіктен көрініп жүрген студентіміз әлемдік олимпиадалық рейтингте мықтылардың алдыңғы қатарына шықты.

Ақпарат орталығы