Сыртқы аудит нәтижелері

Оқу ордамызда үстіміздегі жылдың 07 қараша 09 жұлдыздары аралығында IQNet Халықаралық сертификаттар жүйесінің партнері — Түрік Стандарттары институты (ТСИ, Анкара) тарапынан Халықаралық ISO 9001:2015 стандартының талаптарына сәйкес сыртқы аудит жүргізілді.
Сыртқы аудиттің мақсаты — қолданыстағы сапа менеджменті жүйесінің Халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін тексеру және сертификат жаңарту болды. Аталған тексерулерді ТСИ бас аудиторы Халил Ибрахим Арслан және аудиторлар Расим Йылмаз және Экрем Кале жүргізді.
Аудит барысында 5 факультет, 3 департамент, 8 бөлім, 1 колледж жұмыстарына тексеру жүргізілді. 9 қараша күні құрылымдық бөлім басшыларымен бірге өткізілген жабылу жиналысының тексеру нәтижесі бойынша ТСИ аудиторлары тарапынан жүйені жақсартуға бағытталған бірнеше ұсыныстар айтылды. Мәселен, мемлекеттік сатып алу бөліміне оң қарым-қатынас қалыптасқан фирмалар тізбесін жасақтау мен сатып алу бағасын порталға ұсынар алдында сараптау және негіздеу туралы ұсыныстар берілсе, ал шаруашылық қызметтер департаментіне жылумен қамтамасыз ету, энергия үнемдеу, энергия жабдықтары қазіргі заманғы құрылғылармен жаңартылып отыру, жоспарлаулар мен қадағалауларды жүйелі жүргізу қажеттілігі туралы кеңестер айтылды. Кадр бөлімінің көмегімен тек қана ОПҚ емес, әкімшілік-шаруашылық қызметкерлерге де біліктілік жетілдіру жұмыстарына қосымша мән беру керектігін және оның маңызды екендігін, сонымен қатар білім ордасында сапа саласындағы жұмыстар тек Стратегиялық жоспарлау, рейтинг және сапа орталығымен ғана жүргізілмеу керектігін, бұл жөнінен әр бөлімде кемінде 2-3 адам жауапты болу қажеттігін айтып өтті. Сонымен қатар, Кентау институтындағы жылыту қазандықтары мен жатақханадағы электр тарату щиттеріндегі техникалық қауіпсіздік шараларының сақталуына мән берілді, Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінің кітапхана жүйесіне, электронды каталогтарға да назар аудару қажеттілігіне тоқталып өтті.
Алдағы уақытта аудиторлар ұсыныстары бойынша жақсарту жұмыстары жүргізілетін болады.