Университетіміздің жас ғалымдары топ жарды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жас ғалымдары топ жарды. Астана қаласында алғаш рет өткізілген Орта Азия бойынша Scopus Award 2018 сыйлығын салтанатты түрде рәсімдеу шарасында жас ғалымдарымыз жүлделі орындарға ие болды. Онда гуманитарлық сала бойынша үздік мақала жазғаны үшін, оқу ордамыздың «Дене тәрбиесі» кафедрасының PhD докторлары Омаров Бақытжан мен Баймуханбетов Бағдат «Best Researcher in Humanities» номинациясымен ІІ- орынды иеленді.
Аталған шараға Университетіміздің Президенті Болатбек Абдрасилов арнайы шақырылып, ерекше ілтипатқа ие болды.
Марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов, «Elsevier» баспа үйінің басқарушы директоры Тайфун Башал, Scopus директоры Kun van der Krogt, Дүниежүзілік Университетінің Times Higher Education рейтинг агенттігі РФ мен ТМД елдерінің аймақтық директоры Егор Яблоковтың қатысуымен марапаттау рәсімі өтті. Elsevier Central Asia компаниясының аймақтық директоры Алия Оспанова қатысты. Және де Лондоннан тікелей байланыста болған, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия бойынша Quacquarelli Symonds рейтингілік агенттігінің аймақтық директоры Зоя Зайцева арнайы құттықтады.
Іс-шараға ғылыми журналдардың редакторлары мен авторлары сондай-ақ Қазақстандағы алғашқы жоғары Times Higher Education рейтингілік агенттігі де қатысты.
Ақпарат орталығы