Рухани жаңғыру аясында «Қазақстан халқы» интерактивті картасы таныстырылды

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықарлық қазақ-түрік университетінінің оқу ғимаратында Тарих кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы» интерактивті картасын таныстыру мақсатында семинар өтті. Университетімізге Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының профессоры Алтын Слямкаядарқызы қонаққа келіп, «Қазақстан халқы» интерактивті картасын оқу ордамыздың оқытушыларына таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ғалымдарымызға осы карта аясында қандай да бір жаңалықтар мен ұсыныстар болса мәліметтер қабылдайтынын жеткізді. Ұлт-аралық қарым қатынасты сақтау үшін өткізілген бұл шараның мақсаты Интерактивті ғылыми картаны тарихи түрде таныстыру. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес Қазақстанның құндылықтарын жандандыру тұрғысында тағылымы мол шара болды. Қызықты карта қазақ халқының ерекше мемлекеттік қалыптастыру миссиясын ескере отырып, ежелгі қазақ жерінде барлық этникалық топтарды біріктіру процесін көрсету үшін жасалған.
Заманауи ақпараттық технология көмегімен әзірленген ғылыми-интерактивті картада қазақ ұлтының шығу тарихынан бастап, елімізге қоныс аударылған өзге ұлт өкілдерінің де тарихы мен мәдениеті туралы мағлұматтар қамтылған.
Басты мақсаты «Қазақстан халқы ежелден, сақ дәуірінен бүгінге дейін қалай қалыптасады?» дегендей сауалдарға жауап. Өзге ұлт өкілдері қай уақытта келе бастады? Қандай себеппен келді? Олардың тарихы, саны, орналасуы, шаруашылығы, мәдениеті қалай болды? Қазақстанға қосқан үлесі жөнінде осы интерактивті картада айтылады.
Ақпарат орталығы