Ұлы даланың ұлт көшбасшысы

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Тұңғыш президент күніне арналған «Ұлы даланың ұлт көшбасшысы» атты мерекелік шарасы өтті. Айтулы мереке еліміздің әнұранымен ашылып, әсерлі күймен басталды. Салтанатты шарада Университеттің Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі вице-президенті  Өмірбек Үмбетов пен Вице-президент Пусат Пилтен құттықтау сөз сөйлеп мерекенің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар көпшілікке «Ұлы даланың ұлт көшбасшысы» атты деректі фильмі ұсынылды.
Шара соңы университет өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Онда ұлттық рухты тербиелейтін патриоттық әндер айтылып, күйлер шертілді.
Ақпарат орталығы