Мемлекеттік қызмет саласы жандана түспек

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде мемлекеттік басқару және экономика Жоғары мектебі Түркістан облысындағы мемлекеттік басқару органдарымен тиімді іс-әрекет жүргізуді қамтамасыз ету бойынша Консультативтік кеңесінің мәжілісі өткізілді. Онда Кеңес төрағасы Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хаб комитетінің басқарма төрағасы болып Әлихан Байменов, сонымен қатар ХҚТУ ректоры — Б.Абдрасилов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы- Ғ.Тұрсынбаев, Мемлекеттік емтихан қабылдау орталығының төраға орынбасары (Азербайжан Республикасы)- Б.Халилов, ХҚТУ вице-президенті- Пусат Пилтен, Стратегиялық бастамалар орталығының аға серіктесі-О.Худайбергенов, мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жөніндегі сұрақтар бойынша сарапшы, Harvard Kennedy Shool түлегі — Ш.Мұқан, Стратегиялық бастамалар орталығының бас директоры — Е.Жаркешовтер қатысты. Семинардың негізгі мақсаты мемлекеттік қызметке кадрлар даярлау, мемлекеттік қызмет саласындағы Астана Хабына қатысушы елдер және шетелдік білім және тәжірибе алмасу, сонымен қатар Түркістан облысы және әлемдік трендтегі мемлекеттік қызмет түрлері бойынша оқытушы-профессор құрамы мен білімгерлерді таныстыру.
Семинар барысында Қазақстан, Азербайжан және Ресей мемлекеттік қызметкерлерді даярлау тәжірибесі ұсынылды. Қатысушылар өзара пікір алмаса отырып, заманауи мемлекеттік қызмет трендтерін, кадр таңдаудағы туындайтын мәселелер мен адам ресурстарын басқарудағы инновациялық технологиялар және талант-менеджмент мәні талқыланды.
Іс-шараға ХҚТУ оқытушылары, студенттер, магистранттар мен докторанттар, Түркістан облысының мемлекеттік қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар, Қазақстанның ғылыми қауымдастықтарымен аймақтық елдердің академиялық өкілдері, халықарылық сарапшылар қатысты.
Қатысушылар Жоғары мектепке қызығушылық таныта отырып, осындай іс-шараларды Ахмет Ясауи университетінің базасында өткізуді қолдайтындығын білдірді. Жоғары мектеп, келешекте, әлемдік дәрежедегі мемлекеттік сектор сарапшыларын біріктіретін халықаралық платформаға негіз болады, яғни инновациялық білім берудегі заманауи технологиялар мен бағдарламалар енгізуді жүзеге асара отырып, Түркістан облысына әлемдегі үздік тәжірибелер ендіру болып табылады.
Семинар мүшелері жиыннан соң Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебінің ОПҚ және білімгерлеріне лекциялар оқитын болады.
Ақпарат орталығы