Мықты азаматтық қоғам – мықты мемлекет

ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстанның азаматтық альянсы азаматтық сектор, мемлекеттік мекемелер, бизнес құрылымдар, халықаралық ұйымдар мен сараптамалық қауымдастық арасындағы ашық қарым-қатынасты дамыту, азаматтық қоғам институттарын дамыту және азаматтардың мемлекеттік басқару процестеріне қатысу белсенділігін арттыру мақсатында 2018 жылғы 27-28 қарашада Елорда төріндегі Тәуелсіздік сарайында Республикалық VIII Азаматтық форум «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Әріптестік. Сенім» тақырыбында ауқымды іс-шара өтті. Іс-шараға 1000-нан аса мемлекеттік және халықаралық ұйымдар, ҚР Парламентінің депуттары, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдары, бизнес қауымдастығы, қоғамдық кеңес пен БАҚ өкілдері қатысты.
Биылғы іс-шараның басты ерекшелігі – форум жұмысына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысып, халқымыздың бірлігін нығайту және елімізді дамыту жолында мемлекет пен қоғам арасында ашық диалог орнатудың маңыздылығын, үкіметтік емес ұйымдардың қызметі, іс жүзінде, қоғамымыздың маңызы бар барлық саласын қамтып отырғанын, қоғамдағы өзекті мәселердің шешу жолдарын қарастыруда мемлекеттің сенімді әріптесі болып табылатынын, олардың түрлі экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешуге қомақты үлес қосып келе жатқанын атап өтті.
Қоғамдық кеңес төрағасы , облыстық мәслихат депутаты Өмірзақ Мелдеханов ауыл шаруашылығына бөлініп жатқан Субцидияының тиімділігін арттыру, халықтың күнделікті тұтынып отырған газдың бағасының тұрақтанбауы жайлы ойлары, Түркістан облысының азаматтық альянсының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Шарипбек Жамалбектің ауылды жерлердегі халықтың тұрмыстық деңгейін жақсарту мақсатында үкіметтік емес ұйымдардардың жұмыстарына, әлеуметтік жобаларына, бастамаларына қолдау көрсету мәселері жайлы ұсыныстары ашық алаңда айтылып, көпшіліктің ойынан шықты.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ –түрік университетінен қоғамдық ардагерлер ұйымының төрағасы, профессор Балғабай Нақыпов пен мәдениет және тәрбие орталығының маманы Арман Исмаиловтар делегаттар қатарыңда болып, әзірленіп жатқан мұғалімдердің мәртебесі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы адам капиталы, құқықтық сана, жалпы азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру, жастардың санасына сыбайлас жемқорлықа қарсы мәдениет негіздерін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың барлық түріне төзімсіздік таныту тәрбиесін ендіру жайлы ойларын ортаға салды.
Жалпы Астанада өткен екі күндік форум елдің азаматтық қоғамын біріктіріп қана қоймай, сонымен қатар, қатысушыларға бірлесіп іске асыруға тиіс ұсынымдарды талдауға да, түзуге де мүмкіндік берді.

Ақпарат орталығы