Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасы Федерациясы кубогы жарысы шымылдығын түрді

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасы Федерациясының кубогы жарысының ашылу салтанаты өткізілді. Айтулы жиында Әлем және Қазақстан Республикасының тоғызқұмалақ федерациясының президенті, Өңірлік хаб басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменов пен Университет президенті Болатбек Абдрасилов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттіліктер тіледі. Әлихан Мұхамедияұлының айтуынша тоғызқұмалақ ойынында ешқашан жеңіліс болмайды, себебі, ұлттық ойынымыздың көпшілік біле бермейтін адамның жүйке жүйесін жетілдірудегі және тәлім-тәрбиелік мәні зор екендігіне тоқталды.
Тоғызқұмалақ тек түркі тілдес халықтарда емес бүгінгі таңда әлемдік деңгейге айналған ойын түрі деуге болады. Республикалық жарысқа еліміздің 14 облысынан Алматы, Астана қалаларынан және университетімізден 2 команда, жалпы 200 спортшы қатысып отыр. Оқу ордамыз атынан сайысқа түсетін 2 командада 3-ұл, 3-қыз сынға түспек. Жарысқа халықаралық спорт шеберлері қайраткерлер төрелік етеді. Және де спорт шеберлері мен үміткерлер қатысады.
Ойын 9 турдан тұрады. Желтоқсан айының 4,5,6,7 күндері 2-турдан өткізілсе, 8-күні соңғы тур ойнатылып қорытындыланбақ. Әр ойыншыға 1,5 сағаттан 1 тур 3 сағаттан командалық есеппен өткізіледі.
Ашылу салтанаты барысында тоғызқұмалақ ойынына еңбегі сіңген ардагерлермен жатттықтырушыларға қайраткерлік атақ берілді.

Ақпарат орталығы