Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің басшылары Орта Шығыс Техникалық университетіне іссапармен барды.

Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті Кеңес төрағасы док. проф. Муса Йылдыз, университет Ректоры док. проф. Болатбек Абдрасилов және Ректор Өкілі док. проф. Женгиз Томар, Орта Шығыс Техникалық университетінің Ректоры док. проф. Мустафа Вершан Көктің қабылдауында болды. Кездесу барысында Ахмет Ясауи университеті мен Орта Шығыс Техникалық университеті арасында өзара студент және оқытушы алмасу, ынтымақтастық орнату, ортақ жобаларды жүзеге асыру және ғылыми жиындар өткізу туралы ынтымақтастық келісіміне қол қойды. Кездесу соңында Өкілетті Кеңес төрағасы док. проф. Муса Йылдыз, Орта Шығыс Техникалық университетінің Ректоры Мустафа Вершанға Ахмет Ясауи университетінің еңбектерін сыйға тартты. Док. проф. Мустафа Вершан университетіміздің басшыларына алғысын білдіріп, кәдесый тарту етті.
Сонымен қатар, Билкент университетінің Киберпаркін аралап, жақыннан танысты. Ақпараттық жүйелер саласында әлемде жасалып жатқан үздік тәжірибелер мен жаңалықтар туралы толық ақпарат алды.
Айта кететін жайт, Билкент университеті Түркияда құрылған алғашқы жеке меншік қор университеті болып табылады. Бұл университеттің тағы бір ерекшелігі қарамағында университет өзі құрған 7 холдинг бар.
Ақпарат орталығы