Гинекология саласындағы өзекті мәселелер қаралды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Медицина факультеті «Акушерлік іс және гинекология» кафедрасы, Алматы қаласы «Репродуктивті медицина институты» қызметкерлерімен және Халықаралық репродуктолог тренерлардың ұйымдастыруымен «Акушерия және гинекология саласындағы өзекті мәселелер» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Жиынға  дәрігер акушер-гинекологтар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, ХҚТУмедицина факультетінің резиденттер, интерндер және жоғары курс студенттерінің қатысуымен өтті. Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияны оқу ордамыздың медицина факультетінің деканы м.г д профессор Ы. Молдалиев ашып, келген конактарга алгыс білдіріп, конференцияның маныздылығын атап өтті.
Жиын барысында модератор Акушерлік іс жане гинекология кафедрасының меңгерушісі м.г.к. проф Г. Нурхасимова сөз алып, репродуктивті жастағы әйелдер арасында жүктілікті көтере алмаушылық проблемасының өзектілігіне тоқталды. Және  оның алдын алу шаралары мен емдеу жолдарына баса назар аударды. Сонымен қатар Репродуктивті медицина институтының директор орынбасары, профессор акушер-гинеколог дәрігер Бикташева Хазина баяндама жасады. Онда қауіпсіз жүктілік тақырыбында озекти маселелер мен жүктіліктің әртүрлі мерзімінде болатын озгерістерге баса назар аударды.
Осылайша жалғасқан конференцияда бүгінгі таңдағы медицина саласындағы жаңа өзгерістер мен емдеудеги жана клинакалық протоколдар сөз болды. Осындай жиындар арқылы, ақпараттандырудың көбейетіндігі белгілі. Сол себептен бүгінгі күннің өзекті деген тақырыптары кең ауқымда талқыланып өзара тәжірибе алмасу артпақ. Жиын соңында баяндамашыларға алгыс білдіріліп, университеттің акушерлік іс және гинекология кафедрасының атынан сый сияпаттар тапсырылды.
Ақпарат орталығы