Студенттер жүлдемен оралды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Әлеуметтік ғылымдар факультеті «Құқықтану» кафедрасының 3-курс және 4-курс студенттері Шәрібеков Нұрперзент, Сағынтаев Сұлтан, Дадажанова Муниса, Серікқалиева Гүлназ, Мүсілім Мағжан жүлделі оралды. Қарашаның 29 күні Шымкент қаласында Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде «Заңдылықты қамтамасыз етуде қылмыстық іс жүргізу ерекшеліктері» атты Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізуінен халықаралық пәндік олимпиада өткен болатын. Аға оқытушы Алимбаева Ақтолқынның жетекшілігімен студенттеріміз жарысқа белсене қатысып, біліктіліктерін дәлелдеп келді. Олимпиада нәтижесі бойынша оқу ордамыздың білімгерлері жүлделі үшінші орынды иеленіп «Үздік зияткер тобы» номинациясын жеңіп алды.
Ақпарат орталығы