«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы талқыланды

1 желтоқсан «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай қараша айының 30 күні Жаратылыстану факультетінде жиын өтті. Оған оқытушы-профессорлар құрамы және студенттер қатысып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында  көтерілген негізгі мәселелерге тоқталды.
Факультет деканы ф-м.ғ.д. профессор Галитдин Баканов мақаладағы «ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ», «ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ» бөлімдеріндегі тақырыптарға тоқталып, баяндама жасады. Аталған жиында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіздік алған жылдардан бергі еліміздің дамуындағы рөлін ерекше атады. Мемлекет құрудағы өзіндік модельді қалыптастыруы, стратегияларық бағдарламалары, ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтудағы орасан еңбектері жайында сөз қозғалды.
Ақпарат орталығы