Консультативтік кеңес бойынша маңызды лекциялар оқылды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 2018 жылдың 4 және 5 желтоқсан аралғында Мемлекеттік басқару және экономика Жоғары мектебінің негізінде Консультативтік кеңес құрылып, Түркістан облысындағы мемлекеттік басқару органдарымен тиімді іс-әрекет жүгізуді қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметке кадрлар даярлаудағы мәселелер бойынша семинарлар өткізілді.
Семинар жұмысының аясында ХҚТУ-і Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебінің жұмысын жүйелі түрде академиялық және ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыруда сарапшылық қолдау және стратегиялық ұсыныстар бере отырып, Консультативтік кеңес төрағасы Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хаб комитетінің басқарма төрағасы А.М.Байменов «Қазақстан Республикасындағы басқару жүйелері және оны жетілдіру жолдары» тақырыбында лекция оқыды. Семинардың алғашқы күні, экономиканың қаржылық секторындағы болып жатқан қазіргі жағдайларды талдау бойынша Жоғары мектептің студенттері, магистрант және докторанттарына Стратегиялық бастамалар орталығының аға серіктесі – О.А.Худайбергеновтің «Қазақстан экономикасының даму перспективалары» тақырыбында және Стратегиялық бастамалар орталығының бас директоры – Е.С. Жаркешовтың «Сингапур кереметі: аңыз немесе шындық? Сингапурды үшіншіден біріншіге трансформациялануы» тақырыбында лекциялар оқыды. Семинар өз жалғасын 5 желтоқсанда жалғастырып, Азербайжан Республикасы Мемлекеттік емтихан қабылдау орталығының төраға орынбасары Б.Б.Халилов «Азербайжан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің даму жолдары» тақырыбында лекция оқып, Қазақстан, Азербайжан және Ресей мемлекеттеріндегі мемлекеттік қызметкерлерді даярлау тәжірибесімен таныстырып, қазіргі таңдағы оңтайлы басқару жүйесін ұсынды. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жөніндегі сұрақтар бойынша сарапшы, Harvard Kennedy School түлегі — Ш.Ж. Мукан «Экономика күрделілігі: Қазақстан қалай дамыған елдер қатарына кіре алады?» тақырыбында жүргізген зерттеу жұмысының нәтижесімен бөлісті. Қатысушылар өзара пікір алмаса отырып, заманауи мемлекеттік қызмет трендтерін, кадр таңдаудағы туындайтын мәселелер мен адам ресуртарын басқарудағы инновациялық технологиялар және талант-менеджмент мәні талқыланды.
Консультативтік кеңес аясында өткен семинар-лекциялар студенттер, магистранттар және докторанттар тарапынан қызығушылықтарын арттырып, өзара сұрақ-жауап, пікір алмасу арқылы жүргізіліп, алдағы уақытта осындай іс-шаралардың көптеп болуына өз ұсыныстарын берді.
Негізгі мақсат бағдарламалар енгізуді жүзеге асыра отырып, Түркістан облысына әлемдегі үздік тәжірибелерді ендіру болып табылады.

Ақпарат орталығы