Сыбайлас жемқорлықпен күрес- ортақ парызымыз!

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті факультеттерінің ұйымдастыруымен «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» атты тақырыпта жаппай біріңғай сағаты өткізілді. Сыбайлас жемқорлық қоғамымыздың қауіпті дерті болғандықтан онымен күрес күн өткен сайын күшейіп келеді. Осы орайда Конференцияда Әлеуметтік ғылымдар, Гуманитарлық ғылымдар, Мемлекеттік басқару және экономика жоғарғы мектебінің факультет басшылары мен аға оқытушылары баяндамалар оқыды. Сонымен қатар, жиында баяндама жасаған Мемлекеттік басқару және экономика жоғарғы мектебінің атқараушы директоры Құралбаев Алмас, қылмыстық-құқықтық саясатқа тоқтала келе, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған лауазымды тұлғаларға қатаң жаза қаралғандығын және бұл жаңа Қылмыстық кодексте іске асырылып жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, Дін тану кафедрасының доценті, Сержан Оразбай жемқорлық мәселесінің Ұлт жоспарында да ұмыт қалмағанын атап өтті. Семинарда сыбайлас жемқорлықтың салдары, қоғамымызға зияны жан-жақты талқыға түсіп сауалнама жүргізілді.
Ақпарат орталығы