ЖОО дейінгі дайындық факультетіндегі жыр кеші

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің жас ақындары арасында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1 Желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті және 16 Желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мейрамдарына арналған «Ел және Елбасы!» атты мүшәйра өтті. Өткізіліп отырған мүшәйраның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін жоғарлату, сондай-ақ шығармашыл жастарға қолдау білдіру, поэзия арқылы қазақ тілінің байлығын оның көркемдігін паш ету.
Халықаралық Қазақ-түрік университеті жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің деканы, доцент, доктор Ахмет Гүнгөр мүшәйраның ашылу сөзінде іс-шараның маңыздылығын атап өтті. «1 Желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті және 16 Желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мейрамдарына арналған ақындар шеруінде факультетіміздің дарынды, халықтың көркемдік талғамын қалыптастырып, жалғастыра білетін сөз шеберлері бақтарын сынағалы жатқан сайыскерлерімізге сәттілік тілеймін», деп сөзін түйіндеді. Тарихымызға шолу жасап, «Ел және Елбасы!» тақырыбына орай өз туындыларын арқау етті. Ақындар мүшайрасында өзара бақтарын сынаған 10 қатысушының ішінен сарапқа сала отырып, әділ төрелігін берген төрешілеріміздің қатарында ұстаз, ақын, әуесқой сазгер, Халықаралық ұстаздар одағының мүшесі Бекшораева Жұпаркүл, Жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық факультеті Қазақ, орыс тілдері кафедрасының оқытушысы Исатай Гүлмира және қазылар алқасының төрағасы Республикалық «Жас тұлпар», Халықаралық «Шабыт» фестивалі мен Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтарының иегері, ақын оқу ордамыздың докторанты Серік Сейітман болды. Әділ қазылар алқасы өлең құрылымынан бөлек, туындыны жеткізе білуіне де баса назар аударды.
Сонымен қоса сайыскерлерімізге ақшалай жүлделер ұйымдастырылды. Ақындар шеруінің шешуші кезеңінде төрешілер ақындық шеберлігімен тәнті ете білген үш қатысушыға жүлделі орындар берді. 1 орын иегері – Темірғали Ақботаға , 2орын иегері –Қайрат Ләйлімге, 3орын иегері – Муталипова Алинаға табысталды, сондай-ақ Елбасымыздың халық қамы үшін жасаған игі істерімен өзіндік тілектерін поэзияға арқау қылған, барша бағын сынаған қатысушыларға арнайы сыйлықтар берілді.
Талантты жастарымыздың тұғырын көтеретін осы сынды іс-шаралар жас ұрпақты патриоттық-тағылымдық тәрбиеге баулыры сөзсіз.
Ақпарат орталығы