ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Сүйінші!!!
Оқу ордамыздың жас ғалымдары «Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар» конкурсында жеңімпаз атанып, шәкіртақыға ие болды!
ҚР БҒМ Ғылым комитеті 29 тамыздан 29 қыркүйекке дейін «Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар» конкурсына жұмыстар қабылдауды жүзеге асырған болатын. Жұмыстар «Ғылым саласындағы атаулы сыйлық», «Ғылым мен техникаға елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия» және «Талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия» номинациялары бойынша жіберілді.
Конкурстың нәтижесі бойынша «Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2018 жылғы «6» желтоқсандағы № 672 бұйрығымен университетіміздің 3 жас ғалымы стипендия иегері атанды. Олар:
1. Келесбаев Динмухамед Нурмаханбетович — Мемлекеттік басқару жəне экономика жоғары мектебі, Менеджмент және лидерлікті дамыту бағдарламасының жетекшісі, PhD, қауым. профессор м.а.
2. Тойчибекова Газиза Батихановна — Жаратылыстану факультеті, Экология және химия кафедрасы, PhD, доцент м.а.
3. Аймбетова Индира Оразгалиевна – Жаратылыстану факультеті, биология кафедрасы, техн.ғ.к.

Айта кететін жайт,  жас ғалым номинациясының нәтижесі бойынша еліміздің 32 Жоғары оқу орынының жас ғалымдары стипендия иегерлері атанды және университетіміз шәкіртақы иегерлер саны бойынша екінші орынды иеленіп отыр.

Университетіміздің атынан конкурсқа қатысып жеңімпаз атанған ғалымдарымызды шын жүректен құттықтай отырып, оларға шығармашылық табыс тілейміз!

2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 672 бұйрық

Коммерциализациялау офисі