Сәті түскен келіссөз

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Болатбек Серікбайұлы мен «Атамекен» Түркістан облысының ұлттық кәсіпкерлік палатасының директоры Қаржауов Олжас Есалханұлы меморондумға қол қойды.
Бұл меморандумның мақсаты Түркістан облысының экономикасын көтеру және де Оқу ордамыздың студенттерін кәсіпкерлікке баулу негізгі мәселе болды. Жүргізілген келіссөздер нәтижесінде форумдар мен конференциялар өткізілетін болады. Алдағы уақытта студенттеріміз «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен байланысып еркін түрде білімдерін жетілдірмек. Ендігі кезекте білімгерлер осы келіссөздің аясында оқыған мамандықтары бойынша қосымша кәсіпкерлікке де биімделіп шықпақ.
Ақпарат орталығы