Оқу орнымыз сертификатталды

Жуырда университетімізде IQNet Халықаралық сертификаттар жүйесінің партнері — Түркия стандарттар институты (ТСИ, Анкара) тарапынан сыртқы сертификаттау аудиті өткізілген болатын. Осы іс-шара нәтижелері бойынша оқу орнымызға 3 жыл мерзімге Халықаралық ISO 9001:2015 стандарты бойынша сертификат табысталды.