Аударма орталығының қызметкері Түркістанның тарихын насихаттауға арналған «Таңғажайып Түркістан» байқауының жеңімпазы

Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» бағдарламасы аясында өткен «Таңғажайып Түркістан» байқауы өз мәресіне жетті. Байқаудың мақсаты — Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және туған жердің туристік әлеуетін көтеріп, тарихын насихаттау.
Естеріңізге сала кетсек, байқауға қатысушылар фейсбук әлеуметтік желісінде Түркістан облысынан «Қазақстанның киелі жерлер географиясына» енген 24 нысан жайында, яғни қатысушылардың арнайы нысан басына барып, нысанның тарихын баяндаушымен сұхбаттасып, киелі өңірдің құпиясы мен тарихынан толық қанды ақпарат беруі қажет болатын. Жеңімпаздар комиссия құрамының шешімімен анықталды. 3 айға созылған байқау барысында журналистік ізденімпаздығымен, үздік көркемделген постымен ерекшеленген университетіміздің Аударма орталығының қызметкері Несібелі Иманкулова бас жүлдені қанжығасына байлап қайтты! Әріптесімізді жеңісімен құттықтап, еңбегіне шығармашылық сәттіліктер тілейміз!

Ақпарат орталығы

/* --- Frontend STM Importer --- */