Сенатта маңызды мәселелер қаралды

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықарлық қазақ-түрік университетінде сенат отырысы болды. Мәжіліске сенат мүшелері мен факультет декандары қатысып, ең өзекті деген мәселелерді талқыға салды. Ең алдымен оқу ордамыздың белсенділері мен үздіктерін ректор арнайы марапаттады.
Мәжілісте 2018 жылғы университеттің шаруашылық қызметтерінің қорытындысы, 2019жылға арналған қаржылық жұмыстарды жоспарлау, бекіту туралы сияқты бірқатар мәселелер талқыланды. Бұл жөнінде әкімшілік-шаруашылық істері жөніндегі вице-президент Н. Батырбаев атқарылған жұмыстарды слайд арқылы қорытындылады. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тәрбие және мәдени шаралардың ұйымдастырылуы жөнінде Рухани жаңғыру бағдарламасының жетекшісі Ә. Абуов баяндама жасады. Онда оқу мерзімі басталған күннен бастап, бүгінгі таңға дейінгі ауқымды деген шаралар реті айтылып, негізгі нәтижелер көрсетілді. Оқылған баяндамалар негізінде университет президенті алдағы уақытта да күш-жігерді аямай қарқынды түрде жұмыс жасау қажеттігін айтты. Сонымен қатар аталған мәжілісте өзге де өзекті дүниелер назардан тыс қалмады. Және де университеттен музей ашу жоспарда бар екендігін тілге тиек еткен оқу орда басшысы егер ұсыныс қолдау тапса арнайы орын жасақталатындығын жеткізді.
Айта кететін жайт, университетті жан-жақты таныту мен қоғамдық пікірді дұрыс қалыптастыру бойынша жасалынып жатқан дүниелерді тағы да пысықтап, күшейту қажеттілігі баса айтылды. Онда ақпараттық саланы барынша дамыту мен білімгерлердің білім сапасының деңгейін көтеру үшін де арнайы жоспар бойынша жұмыс жасау қажет. Осы және өзге де маңызды мәселелерді талқыға салған сенат отырысында білім ордасының Халықаралық деңгейдегі ең үздік деген оқу орындарының қатарынан табылу үшін, университет президенті алдағы уақытта оқытушыларды бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Ақпарат орталығы