Облыстық пәндік олимпиада бастау алды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универcитетінде  облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша білім деңгейін саралау арқылы орта мектептерде пәндердің оқытылу деңгейін анықтау, оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыру және олимпиадалық резервті қалыптастыру мақсатында облыстық жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың III кезеңі бастау алды. Ең алдымен университет фойесіндегі арнайы жасақталған көрме жұртшылық назарына ұсынылды. Онда оқу ордамыздың барлық факультеттерінің негізгі жетістіктері мен артықшылықтары кеңінен көрініс тапты.
Ашылу салтанатында университет ректоры Болатбек Абдрасилов пен облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Өмірзақұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттіліктер тіледі.
Олимпиадаға гуманитарлық-қоғамдық циклындағы пәндер бойынша 505 оқушы, жаратылыстану-математикалық циклындағы пәндер бойынша 498 оқушы, жалпы 1003 оқушы қатысып, білім сайысында сынға түспек.
Оқушылар 3-5 қаңтар күндері өткізілетін олимпиаданың бірінші кезеңі теориялық тапсырмалар бойынша сайысқа түссе,екінші кезеңі практикалық жұмыстар мен түрлі дәрежедегі тапсырмаларды орындау арқылы бақ сынамақ.
Білім бәйгесіндегі қазылар алқасы құрамына жоғары оқу орындарының оқытушылары мен тәжірибелі мұғалімдері енгізілген.
Айта кететін жайт, облыстық пәндік олимпиададан оза шапқандарға биылғы жылы арнайы медаль берілмек.
Шара соңы оқу орда өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.