Оқу орнымыз «жасыл» университеттер қатарында

«Гринметрик» (UI GreenMetric World University Ranking) — университеттердің экологиялық инфрақұрылымын бағалайтын жалғыз рейтинг.
2018 жылы 19 желтоқсанда Джакарта қаласында қорытындыланған бұл рейтингте әлемдік 719 университеттер қатарынан (АҚШ, Жапония, Италия, Жаңа Зеландия, Ресей, Түркия және т.б.) оқу орнымыз 499-шы орынды иеленді.
Рейтингте назарға алынған критерийлер және Ахмет Ясауи университетінің көрсеткіштері:
1. ЖОО инфрақұрылымы және қоршаған орта (24 %) Setting and Infrastructure (SI) (543-орын);
2. Энергияны тиімді пайдалану және климатты өзгертуге ықпал ету (21 %) Energy and Climate Change (EC) (179-орын);
3. Қалдықтарды өңдеу (15 %) Waste (WS). (582-орын);
4. Су ресурстарын тиімді пайдалану (10%) Water (WR) (545-орын);
5. Транспорттық саясат (21%)Transportation (TR) (396-орын);
6. Экологиялық білім беру (9 %) Education (ED) (466-орын).