Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында атап өткен «…ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет», -деген пікірін негізге алып, облыс тұрғындарының қолында сақталған қолжазбаларды бір орталыққа жинау мақсатында арнайы «Құнды кітап – халық қазынасы» акциясы өтетінін хабарлайды.
Қолжазбалар білімді мамандар тарапынан хатталып, сипаттама жасалып, ғылыми дерек ретінде айналымға енеді. Сондықтан қандай да бір тарихи маңызы бар деректерге толы қолжазбалар мен тарихи құжаттар бар болса хабарласуларыңызды сұранамыз.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ
Байланыс тел.6-36-36 (1340), 6-36-10