Тәжірибе алмасты

Жуырда Оқу ордамыздың «Гуманитарлық ғылымдар» факультеті «Педагогикалық ғылымдар» кафедрасының профессоры п.ғ.к. Талғат Данияров Беларуссия Мемлекеттік университетінде біліктілік жетілдіріп қайтты. Айта кететін жайт Т. Әбубәкірұлы 2017 жылғы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын иеленген болатын.
QS World University Rankings нәтижелері бойынша топ — 500-ге енетін жоғары оқу орнынан ғылыми тағылымдамадан өтіп, тәжірибе алмасты. Жоғары оқу орындарының түлектерін даярлаудың ғылыми-педагогикалық тәжірибесін зерттеуді меңгерді. «Беларуссияның Минск қаласындағы «Республикалық жоғары мектеп институтында күндізгі оқыту негізінде біліктілік жетілдіру курсына қатысып,нәтижесінде арнайы 72 сағаттық мөлшерде куәлікке ие болдым» дейді Талғат Данияров. Сондай ақ,
біздің университет пен Беларуссияның республикалық жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық туралы келісім шарт жасалды. Алдағы уақытта екі мемлекет арасында әріптестік байланыстар жасалатын болады.