Хабарландыру

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 11 және 12 сынып мектеп бітірушілер арасында VI Респбуликалық «Ясауи» олимпиадасын өткізетіндігін хабарлайды!

Республикалық «Ясауи» олимпиаданың басты мақсаты оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін айқындау, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыра отырып дарынды оқушыларды қолдау.
Республикалық «Ясауи» олимпиадасы оқушылардың таңдауы бойынша екі бағытта өтеді:
Бірінші бағыт: Пәндік олимпиада;
Екінші бағыт: Ғылыми жобалар байқауы.

Республикалық «Ясауи» олимпиадасы келесі пәндер бойынша өтеді:
1. Биология 8. Математика
2. География 9. Орыс әдебиеті
3. Дүниежүзі тарихы 10. Орыс тілі
4. Информатика 11. Физика
5. Қазақ әдебиеті 12. Химия
6. Қазақ тілі 13. Шет тілі
7. Қазақстан тарихы

Олимпиада екі кезеңнен тұрады:
І-ші іріктеу кезеңі – пәндік олимпиада бағыты бойынша онлайн тест тапсырады. Ғылыми жоба бағыты бойынша ғылыми жобасын электрjнды поштаға жібереді.
ІІ-ші іріктеу кезеңі — пәндік олимпиада бағыты бойынша жазбаша емтихан тапсырады. Ғылыми жоба бағыты бойынша ғылыми жобасын презентация арқылы қорғайды.

Олимпиаданың өту мерзімі
I-ші іріктеу кезеңі – онлайн жүйесі бойынша 2019 жылдың ақпан айының 14-17 күндері аралығында өтеді;
II-ші қорытынды кезең 2019 жылдың наурыз айының 26-30 күндері аралығында Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өтеді.
Республикалық «Ясауи» олимпиадасының жеңімпаздарына Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқу үшін Түркия гранты беріледі. Түркия грантының иегері 1-ші курсқа қабылданып, университетті бітіргенше тегін білім алады.

Олимпиадаға қатысуға өтініш білдіру үшін 2019 жылдың 11 ақпанына дейін http://ayu.edu.kz сілтемесі арқылы тіркелуі керек.

Ұйымдастыру комитетімен байланыс:
8 (72533) 63690, Кәсіби бағдар және маркетинг бөлімі
Электр.почта: talapker@ayu.edu.kz
Whatsapp: +7 702 069 61 33

/* --- Frontend STM Importer --- */