Облыстық пәндік олимпиада жүлдегерлері анықталды

Түркістан облысы білім басқармасы мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті бірге 2019 жылдың 4-5 қаңтары күндері 1003 оқушының қатысуымен облыстық пән олимпиадасын өткізілген болатын.
Республикалық пән олимпиадасының бірінші мектепішілік кезеңіне 804 мектептен 46710 оқушы, аудандық кезеңінде 740 мектептен 26640 оқушы қатысып, ал облыстық үшінші кезеңінде 398 мектептен 1003 оқушы өздерінің білім деңгейін көрсетіп, сынға түсті.
Пән олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысқан 398 мектептің 290-і ауылдық, 108-і қалалық мектептер. Ал 1003 оқушының 653-і ауылдық, 350-і қалалық мектеп оқушылары.
1003 оқушының 505-і қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша, 498-і жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша білімдерін сараптады.
Бірінші турдың қорытындысы бойынша 602 оқушы екінші турға өтіп, нәтижесінде жалпы саны І орынды — 45 оқушы, ІІ орынды – 86 оқушы, ІІІ орынды – 129 оқушы жеңіп алды.
Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша 25 жүлделі орынды жеңіп алған Кентау қаласының №3 «Білім-инновация» ер балалар лицей-интернаты ең үздік команда атанды.
Бұдан кейінгі орындарды командалық есепте – Жетісай ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты (20 жүлделі орын), Кентау қаласындағы мамандандырылған мектеп-интернаты (19 жүлделі орын) үздік көрсеткіш көрсетті.
Аудандардың бөлінісінде ең үздік көрсеткіш – Түркістан қаласы (18 жүлделі орын), Жетісай ауданы (16 жүлделі орын), Түлкібас ауданы (16 жүлделі орын), Н.Оңдасынов атындағы Түркістан қаласындағы «Дарын» мектеп-интернаты (15 жүлделі орын), Кентау қаласы (14 жүлделі орын) ерекше білімдерін көрсетті.
Пән олимпиадасының республикалық төртінші қортынды кезеңіне Түркістан облысынан қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 32 оқушы, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 37 оқушы қатысатын болады.
Ақпарат орталығы

/* --- Frontend STM Importer --- */