Қызметкерлер арасында спартакиаданың ашылуы өтті

Бүгін ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын қолдау мақсатында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушы-профессорлары мен қызметкерлер арасындағы факультет аралық спартакиадасының ашылу салтанаты өтті.
Спартакиадада сөз алған Оқу ордамыздың I вице-президенті Женгиз Томар мен оқу-әдістемелік ісі жөніндегі вице президенті Өмірбек Үмбетұлы қатысушыларды спорттық ойындарда белсенділік танытуға шақырып, сәттілік тіледі.
Дәстүрлі түрде өтетін спартакиадада оқу ордамыздың профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері өздерін білім мен ғылымда ғана емес, спортта да мықты екендіктерін дәлелдемек.
Университетіміздің Спорт клубының ұйымдастыруымен өткізілген бұл додаға «Дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы төрелік ететін болады.
Ақпарат орталығы

/* --- Frontend STM Importer --- */