Ғылыми-зерттеу жұмыстардың есебін тыңдау басталды

Бүгін 14 — қаңтардан бастап, 2018 жылдың ғылыми-зерттеу жұмыстарының стратегиялық жоспарға сәйкес орындалуы, сапасы, проблемасын шешу жолдары негізінде атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалынды. Алғашқылардың бірі болып, Гуманитарлық ғылымдар факультеті мен Археологиялық ҒЗИ және Ясауи ҒЗИ атқарған жұмыстарын баяндады.
Мәселен Гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Сұлтанмұрат Абжалов 2018 жылдың қорытындысы негізінде орындалған көрсеткіштер бойынша баяндама жасап, «SWOT» талдауды да назардан тыс қалдырмады. Тілге тиек етілген негізгі басымдық ол алыс-жақын шетелдік жоғарғы оқу орындарымен байланыс орнату. Сонымен қатар ғылыми атақ дәрежелері бар ғалымдарды шетел тілдерін меңгеруді күшейту. Оның ішінде түрік және ағылшын тілдері. Сонымен қатар Республикалық және Халықаралық деңгейде қызметкерлердің ғылыми мақалалары жарияланып тұруы да басты міндет екендігі айтылды. Және де баяндама негізінде мүшелер мен қатысушылар сұрақтар қойып, алдағы жоспар да айтылды.
Сондай-ақ Археологиялық ҒЗИ мен Ясауи ҒЗИ атқарған жұмыстары бойынша баяндамалар жасады. Оның ішінде Археология ҒЗИ директоры Көпжасар Жетібаев маңызды деген дүниелерге тоқталып, 2018 жылғы атқарған ғылыми жұмыстарға тоқталды. Және де Ясауи ҒЗИ-нан Зікірия Жандарбек баяндама жасап, атқарылған шаруаларды пысықтап өтті. Оның ішінде бүгінгі діни ахуал бойынша қаншама талдамалық мақалалар жазылып жатқандығын баса айтты.
Осы және өзге де мәселелер айтылған бүгінгі есептерге қанағаттанарлық деген баға беріліп, алдағы уақытта артық-кем дүниелерді толықтырып өткізулерін өтінді.
Ақпарат орталығы