ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен өткен кездесу нәтижелі болмақ

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары қонақта болып студент жастармен кездесу өткізді. Онда «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанұлы бастаған халық қалаулылары Құдайберген Төлепұлы және Кеңес Гарапұлымен «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Миятұлы болды. Жиынды оқу ордамыздың басшысы Болатбек Абдрасилов жүргізіп отырды. Университеттің қысқаша тарихына шолу жасаған ректор алдағы жоспарларды да айтып өтті.
Кездесу барысында халық қалаулысы Қуаныш Сұлтанов , өңірлерді аралаудағы негізгі мақсат, тек қана Елбасының бағдарламаларын таныстыру емес, сонымен қатар шалғайдағы жұрттың хал-ахуалымен танысып, ұсыныс-тілектерін мінберде көтеру екендігін айтты. Және де бүгінгі күннің басты мәселелері ретінде шәкіртақыны көтеру, жатақханамен қамтамасыз ету, жастардың білім алуына барынша жағдай жасау керектігін жеткізді. Ел болашығының тірегі жастарды қолдап, оларға көрсетілген үлкен мүмкіндіктерді ұтымды пайдалануға жол көрсетуді тілге тиек етті. Сондай-ақ еліміздегі сот жүйесін де назарда ұстаған халық қалаулысы, сот мейілінше әділ болса, халық та билікке көп сенім білдіретіндігін баса айтты.
Сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Құдайберген Төлепұлы сөз алып, әңгіменің басын мұғалімнің статусын жоғарылатудан бастады. Ұстазға деген құрметтің жоғары болуына қатысты бірқатар дүниелерді мысалға келтірді.
Осы және өзге де ауқымды мәселелерді қамтыған кездесу барысында жиналғандармен өзара сұрақ-жауапқа ұласты. Онда студент жастардан бастап, оқытушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарға тұщымды жауаптар алып, ұсыныстарын білдірді.
Ақпарат орталығы