Сенат серпін берді

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде сенат мәжілісі өтті. Онда маңызды мәселелер қаралып, кафедра меңгерушілері мен барлық құрылымдық бөлім басшылары өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.
Университет президенті Болатбек Абдрасилов бүкіл Түркі әлемінің самитін және фестиваль және дуальді оқыту бағытындағы өндіріспен бірге (КТЗ) Халықаралық конференция ұйымдастыру, студенттерді «Ясауи» олимпиадасына қатыстыру сияқты бірқатар өзекті мәселелерді назарға алды. Өнер саласы бойынша мамандар шақырып, университеттің Өнер факультетіндегі студенттердің шығармашылық жетістіктері мен тәжірибелік бағыттарын шыңдау мақсатындағы тренингтер өткізетін мамандар шақырудың жолдарын да қарастырмақ. Айтылған ұсыныстарға байланысты университет басшысы Болатбек Абдарасилов ұжым болып бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Күн тәртібіндегі белгіленген тақырыптар бойынша, 2018-2019 оқу жылындағы қысқы сессия қорытындысын Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі вице-президенті Өмірбек Үмбетұлы баяндады. Онда негізгі көрсеткішті слайд арқылы көрсеткен вице-президент сауалнамалар бойынша қорытындыны назарға алды. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инновациялық инфраструктураны дамыту мәселелері туралы ғылыми-зерттеу істері жөніндегі вице-президенті Камалбек Мейірбекұлы жылдық нәтижелермен бөлісті. Және де алдағы жоспарлар бойынша маңызды деген дүниелерге тоқталып, ғылым саласын дамытуға бағытталған шараларда ұжымның бірлесе жұмыс жасауы бірінші кезекте екендігін алға тартты.
1. Оқу үдерісіне заманауи әдістер мен білім берудің жаңа технологияларын енгізу нәтижесінде қысқы сессия қорытындысы бойынша білімді бағалаудың обьективтілігі артты. Білім алушылардың университет бойынша үлгерімі 83%-дан 89%-ға өсті. Жаз айларында академиялық қарызы бар білім алушылардың саны 2147 болса, соңғы қысқы емтихандар қорытындысы бойынша олардың саны 458 болды. Университетте «таза емтихан» интернет сауалнамасы жүргізілді және оның нәтижесі бойынша іс-шаралар жасалды.
2. Ғылым саласы бойынша, PhD докторанттардың диссертациялары мен қорғау үрдістеріне қатысты ғылыми жетекшілерінің, кафедралардың жауапкершілігін арттыру мәселесі қаралды. Университеттің ғылыми журналдарының мәртебесін көтеру туралы шешім қабылданды. Елбасының жас ғалымдарға арнап ғылыми-зерттеу және стартап жобаларды дамыту мақсатында қаржы бөлінетінін жариялаған болатын. Осыған орай жас ғалымдардың тиісті гранттық конкурстарға белсенді қатысып, жобалар ұсынуы ерекше атап өтілді. Шамамен 150 университет ғалымдарын арнайы бағдарламалар арқылы ағылшын тіліне оқыту жоспарланды.
3. Студенттік асханадағы комплексті тамақ бағасы бірінші этапта 1000 тг-ден 300 теңгеге түсірілді, ал биылғы жыл — «Жастар жылы» болып жариялануына байланысты жастарды қолдау мақсатынды 250 тг. төмендетілді.
4. а)Университеттің 729 қосалқы қызмет персоналының жалақысы көтерілді.
б) Ғылыми дәреже үшін ғылым кандидаттары, PhD, ғылым докторларына үстемақы мөлшері 1,5 есе арттырылды. Осы және өзге де мәселелер қозғалған сенат отырысы нәтижелі аяқталып, күн тәртібінде қаралған баяндамаларға қанағаттанарлық деген баға берілді.
Ақпарат ораталығы