УНИВЕРСИТЕТ ГАЗЕТІ ИНТЕРНЕТ НҰСҚАСЫНА КӨШТІ

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің көптиражды «Ясауи университеті» газеті енді интернет нұсқасында да шыға бастады. Қазақ және түрік тілдерінде айына екі рет жарық көретін интернет-басылым ғылым-білім саласындағы маңызды жаңалықтармен хабардар етіп қана қоймай, білімдегі инновация туралы жастар пікірімен, ғылымның коммерциялануы жайындағы оқытушы ойларымен бөліспек. Жастар жылына орай «Біз жанбасақ лапылдап» айдары арқылы басылатын жастардың өздері әзірлеген танымдық материалдар мен мәдениет және спорт хабарлары да осы интернет-газет бетінен орын алмақ. Түрік тіліндегі материалдар Түркиядағы білім-ғылым жаңалықтарымен хабардар етпек. Алда «Сіз қандай студент болдыңыз?», «Студент ой айтады, пікір білдіреді, ұсыныс жолдайды», «Әріптес әлемі», «Біздер, қыздар арасында», «Білімгер білігі», «Аудитория» айдарлары арқылы студен-тілшілер әзірлеген қызықты материалмен де танысуға мүмкіндіктеріңіз бар.

http://ayu.edu.kz/wp-conte…/uploads/…/02/2pdf-31.01.2019.pdf