«Айдидар» атты ақын кеші өтті

Оқу ордамызға ақын Ербол Бейілхан келді. Университет басшысы Болатбек Абдрасилов мырзаның тікелей қолдауымен өткен «Айдидар» атты әдеби кеші өтті. Мерекелік шараға келген қонақтар санында шек болмады.
Өнер факультетінің студенттерінің қатысуымен, оқытушы Асылзат Өтжанқызының зор ықпалының арқасында кеш қызықты өтті. Көрермен бірде шат-шадыман күлкіге қарық болса, енді бірде көздеріне еріксіз жас алып, бір сәттерде рухани азық жинап та алды. Қонақтардың алған әсері ыстық ықыластарынан-ақ көрініп тұрды. Кеш соныңда Ербол өзі сахнаға шығып, Түркістанға арнаған жыр-шумақтарын оқыды. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Болатбек Абдрасиловқа алғыс айтып, шын пейілден тілектес екендігін жеткізді.
Әдеби сыншы Құлбек Ергөбек мереке соныңда ақынға тілек білдіріп, алдағы күндерге шығармашылық табыс тіледі. «Құлбектің саған «ақынсың» дегенінің өзі жетеді», — деп шын ықыласын айтты.
Кеш соныңда қонақтар керемет көңіл-күйде тарқасты.
Ақпарат орталығы