Спортшыларымыз спорт додасында бақ сынауда

Шымкент қаласында V Республикалық жазғы спартакиада және ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты ойындары өтуде. Осыған орай оқу ордамыздың атынан 11 спортшымыз қатысып, бақ сынауда. Бүгінгі еркін күрестен өткізіліп жатқан сайысқа түрлі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшыларымыз жеңіс үшін барын салды. Төгілген тер мен, артылған сенім ақталып, әйелдер күресінен Дариға Әбен 59 кг екінші орынды иеленді. Айта кетейік боз кілемдегі ерлер арасындағы ақтық сайыс үшін өткізілетін ойын ертең тікелей эфирде өткізілетін болады. Онда бес бірдей жауырынды спортшыларымыз оқу ордамыздың намысын қорғайтын болады.

Ақпарат орталығы