Жаңа кеңесші тағайындалды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары медициналық білімінен кейінгі білім беру институтында  университет ректоры Болатбек Абдрасиловтың  қатысуымен жиналыс өтті. Жиналысқа институт оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлері қатысты. Университет ректоры Болатбек Серікбайұлы бүгінгі күннен бастап Шымкент қаласында орналасқан Жоғары медициналық білімінен кейінгі білім беру институтын ректор кеңесшісі Искаков Тұрлыбек Өтешұлы жетекшілік  ететінін мәлімдеді. Айта кетейік  жиын соңында  ректор университетте жасалынып жатқан бастамалармен толық қанды таныстырып алдағы стратегиялық жоспарларымен бөлісті.

Ақпарат орталығы