Үндістан және Түркия-Үндістан қарым-қатынастары атты ғылыми кездесу

Ахмет Ясауи университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты Стратегиялық зерттеу институтымен ынтымақтаса отырып Анкара қаласында «Халықаралық жүйеде Үндістан және Түркия-Үндістан қарым-қатынастары» атты тақырыпта ғылыми талқы өткізді. Іс-шараға Ескишехир депутаты және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясы (ЕҚЫҰ ПА) Түрік тобының төрағасы профессор, доктор Наби Авджы, Үндістанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Санжай Бхаттачариа, Ахмет Ясауи университеті Өкілетті Кеңес төрағасы профессор, доктор Мұса Йылдыз, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер және т.б. көптеген қонақтар қатысты.
Бағдарламада кіріспе сөз сөйлеген Стратегиялық зерттеу институтының төрағасы профессор, доктор Мұхаммед Саваш Кафкасиялы халықаралық жүйенің құрылымы мен қызметін түсіну үшін бүкіл жүйені жан-жақты қарастыра отырып, ірі мемлекеттер арқылы бағдарламалар ұйымдастырғанын айтты. Кафкасиялы «Үндістанмен әріптестігіміз бен өзара ынтымақтастығымыз бар. Біз үнді халқымен және мәдениетімен ұзақ уақыт бірге өмір сүрдік. Үндістан мәдениеті – әлемнің ең көне мәдениеттерінің бірі» деді.
Бағдарламаның екінші отырысы Ахмет Ясауи университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмердің төрағалығында профессор, доктор Фатма Ахсен Туран, профессор, доктор Ханифи Палабыйык және доктор. Мадхури Карактың қатысуымен өтті.
Ақпарат орталығы