«Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жиналысы өтті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жиыны өтті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің жетекші мамандары баяндама оқыды. Шараға білім беру орталықтарының басшылары мен аймақтық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшілері қатысты. 2020 жылға дейін тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоюды басты назарға алды. Күн тәртібінде қаралған тағы бір маңызды бастамалардың бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болды. Университет жанынан құрылған «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшілері оқу ордамызда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін жұмыстар атқарылып жатқандығын жеткізді. Студенттер арасында сауалнама жүргізіліп, нәтижесі арқылы алдағы уақыттарға жоспар жасалынып жатқандығын да сөзге тиек етті. «Түркістан адалдық алаңы» жобасының аясында «Адалдық дүкендерінің» ашылуы да бүгінгі буынды сыбайлас жемқорлықтан алыстатады деп түсіндірді.
Ақпарат орталығы