Мұзбалақ ақынға арналған кеш өтті

Кеше университет кітапханасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кеш өтті. Шараның өтуіне кітапхана жанынан құралған «Руханият» жалынды жастар клубы мен облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мұрындық болды.
Кеш «Есіңе мені алғайсың…»-деген тақырып аясында өрбіп, жастардың мұзбалақ ақынға деген құрметін көрсетуді мақсат еткен. Іс-шара барысында ақынның ел жүрегінен орын алған өлеңдері оқылып, қойылымдар және Мұқағали өлеңдеріне жазылған әндермен әрленді. Университетіміздің жас ақындары да өз шығармаларымен ел ықыласына бөленді. Кеш соңында облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Әмірбеков Бақытжан Айдарханұлы мен “Рухани жаңғыру” ғылыми-тәжірибелік орталығының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кондидаты, доцент Әдемау Толысбаева сөз сөйлеп, қатысушыларға сыйлықтарын да ұсынды. Шараға алғашқы болып келген 3 студентке де ұйымдастырушылар атынан кітап сыйға тартылды.
Ақпарат орталығы