Түркі дүниесінің жастары телекөпір арқылы тілдесті

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялап салтанатты түрде ашып берген болатын. Сол ізді жалғау мақсатында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті түркі дүниесі жастарының басын бір арнада қосып телекөпір өткізді. Онда Түркия мемлекетінде Түркі дүниесінің жастары бір-бірлерін құттықтап, ізгі бастамаларға ақ жол тіледі. Шара ең алдымен екі елдің әнұранымен басталды.Жиынға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті Кеңесінің Төрағасы Мұса Йылдыз (Түркия), Университет Президенті Болатбек Абдрасилов , I Вице-Президент Женгиз Томар, Қазақстанның Стамбул қаласындағы консулы Асылбек Сыдықов (Түркия), «Гази» университетінің ректоры Ибрахим Услан (Түркия),Түркістан облыстық Жастар орталығының басшысы Береке Дүйсебеков (Қазақстан),«Мармара» университетіндегі Түркология институтының директоры Окан Ешил От (Түркия) қатысты. Телекөпірді университет докторанты, ақын-журналист Серік Сейітман жүргізді .
Алдымен Өкілетті кеңес төрағасы Мұса Йылдыз құттықтау сөз сөйлеп алдағы жұмыстарға сәттіліктер тіледі. Одан соң университетіміздің ректоры Болатбек Абдрасилов жиналғандарды Жастар жылымен құттықтап, негізгі көрсетілетін қолдауларды тілге тиек етті. Оның ішінде студенттік асханадан ендігі кезекте білімгерлер 250 теңгеге комплексті тамақ ішетін болады. Және де старт-ап жобаларға байланысты жастарды қолдау негізінде іс-шараларға бөлінетін қаржы көлемінің де ұлғайғандығын жеткізді. Және де бүгінгі күнге дейін оқу орда жатақханаларының көбінде құрал жабдықтары мен төсек орындары жаңартылды. Бұл игі іс алдағы уақытта да жүзеге асатын болады. Сондай-ақ жөндеу жұмыстары да қолға алынып, сыртқы бейнелері ретке келтірілетін болады.
Телекөпірде I Вице-Президент Женгиз Томар, жастарға үлкен қолдау көрсете отырып, ондағы жауапкершілікті де екі есе сезіндіру қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар Түркістан облыстық Жастар орталығының басшысы Береке Дүйсебеков, Түркістанды түлету түркі жастарының қолында деген ұранды алға тартып, алдағы уақытта өткізілетін барлық іс-шараларда жастарды белсенді болуға шақырды. Осылайша көңілді жалғасқан телекөпір концерттік бағдарламаға ұласты.