Білім берудің инновациялық технологиялары тақырыбында тренинг басталды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ақпан айының 12 жұлдызынан бастап, жоғары оқу орындарында білім берудің инновациялық технологиялары тақырыбында тренинг өз жұмысын бастады. Тренингті жүргізуші Германиядан, Аға эксперттер қызметінен (Senior Experten Service) келген профессор Берт Форшелен жүргізді. Айта кететін жайт, профессор Форшелен Кайзерслаутерн Қолданбалы ғылымдар жоғары мектебінің өкілі, экономика, менеджмент және бизнес басқару саласының эксперт маманы болып табылады.
Аға эксперттер қызметі (Senior Experten Service) – экономиканың түрлі салаларындағы кәсіптік біліктіліктер мен құзыреттіліктерді ынталандыруды қолдайтын Германияның алдынға қатарлы ұйымы. Аға эксперттер қызметін (Senior Experten Service) жоғары санаттағы мамандар мен басшылар қоғамдық негізде жүзеге асырады.
Тренинг 12.02.2019 — 22.02.2019 аралығында жалғасын таппақ. Бұл іс-шараға университетіміздің барлық факультеттерінен жалпы саны 69 ОПҚ қатысады. Екі аптаға созылатын тренинг барысында профессор Берт Форшелен майндмэппинг, eлернинг, кластерлі талдау, ашық кеңістік технологиясы сияқты оқытудың заманауи инновациялық әдістерімен бөлісетін болады. Шара соңында қатысушы ОПҚ мастер-класс нұсқаулығына сәйкес өздері дайындаған жобаларын қорғаулары қажет болады. Сондай-ақ, тренинг тыңдаушыларына Аға эксперттер қызметі (Senior Experten Service) мен университет тарапынан сертификаттар табысталатын болады.
Ақпарат орталығы