Университетіміздің Өкілетті Кеңес Төрағасы Муса Йылдыз Қазақстанның мәдени күндеріне арналған кешке қатысты

Халықаралық Мәдениет және Тіл Зерттеулері Ассоциациясы мәдениет күндерінің екіншісін Қазақстанға арнады. Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті Кеңес төрағасы док. проф. Муса Йылдыз және Халықаралық Мәдениет және Тіл Зерттеулері Ассоциациясының төраға орынбасары доц. док. Эрол Барын қатысқан кеште қазақтың тіл үйіретін тағамы манты, бауырсақ, тоқаш және басқа да тәттілер тарту етілді.
Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Ирак, Иран, Македония, Мысыр, Үндістан және Әзірбайжаннан Түркияға білім алу үшін келген студенттердің қатысуымен өткен бұл мәдени кеште қазақ әдебиетінің жыр-шумақтары оқылып, домбырамен ән шырқалды.