Украина университеттері мен зауыттарының озық тәжірибесімен танысты

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (ХҚТУ) мен «Кентау трансформатор зауыты» (ҚТЗ) арасындағы өзара ынтымақтастық және дуальді оқыту жүйесін енгізу туралы Келісім шеңберінде Академиялық мәселелер жөніндегі вице-президент, профессор Үмбетов У. және КТЗ техникалық директоры Құдайбергенов Б. бірлескен ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізу, ҚР аумағында трансформаторлық жабдықтарды бірлесіп өндіруді ұйымдастыру, кадрларды даярлау үшін және ХҚТУ-да оқытушылық қызметке тәжірибелі мамандарды тарту мақсатында Украинаның үздік техникалық зауыттары мен университеттеріне іс-сапармен барды.
Сапар барысында олар «НПП «Преобразователь-комплекс» және «Преобразователь» ҒЗИ, Запорожный жоғары вольтты аппаратура зауыты, «Энергоавтоматизация» зауыты, SoftTeamGroup жобалау институты, Харьков техникалық университеті, Запорожье ұлттық техникалық университеті, Киев техникалық университетін аралады. Онда кәсіпорындарының өндірістік үдерістерімен, озық техникалық жабдықтармен және еңбек үрдісімен танысты, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық салаларындағы жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы шарт жасады: тәжірибе алмасу, жетекші ғалымдардың мастер-кластары, студенттер мен ОПҚ-ның академиялық ұтқырлығын дамыту, бірлескен білім беру бағдарламалары (қос дипломды білім беру); ғылыми-зерттеу қызметі (бірлескен ғылыми жобалар мен әзірлемелер, халықаралық гранттар, патенттер, ғылыми семинарлар, ғылыми тағылымдамалар, магистрлік және докторлық диссертацияларды және т. б. бірлесіп дайындау және ғылыми басшылық ету); монографиялар, оқулықтар (электрондық, соның ішінде), оқу құралдарын дайындау, ПОҚ қайта даярлау және біліктілігін арттыру және т. б.).