«Ақпарат күні» өткізілді

Ақпан айының 13 -ші жұлдызында Ақпараттық- ресурстар орталығының ұйымдастыруымен Жаратылыстану факультетінің ОПҚ -на «Ақпарат күні» өткізілді. Кітапханашылар К.Төребекова , Т.Есіркепова сұраныстар негізінде кітапхана қорына келіп түскен кітаптарға библиографиялық шолу жасады.
Жаңа кітаптар туралы қосымша мағлұматты кітапхананың «Жалпы бөлім» оқу залында және кітапхананың lib.ayu.edu.kz сайтында алуға болатындығы жөнінде мағлұмат берілді. Факультет деканы Ғ.Баканұлы және ОПҚ құрамы жаңа түскен оқулықтардың оқу процесінде қажет екендігін айтып , өткізілген іс-шараға өз ризашылықтарын білдірді.