Болатбек Абдрасилов Хабар агенттігінің «Таңғы хабар» бағдарламасында қонақта болды

Іс-сапарда жүрген оқу ордамыздың басшысы Болатбек Абдрасилов бүгін Хабар агенттігінің «Таңғы хабар» бағдарламасында қонақта болды. Онда журналистердің сұрақтарына тікелей эфирде жауап берген ректор, қазіргі таңда университетімізде атқарылып жатқан игі істерге тоқталды. Дуалды оқыту жүйесі бойынша Кентау трансформатор зауытымен бірлесе жұмыс жасап жатқандығын тілге тиек етіп, өңірдегі ғылымды дамыту бойынша түрлі меморандумдар түзгендігін де жеткізді. Белсенді студенттерді, оның ішінде ғылым жолын таңдаған болашақ кадрларға қолдаудың көптігін айтқан Болатбек Абдрасилов алдағы жоспарларымен де бөлісті. Оқу ордамызда болып жатқан осы және өзге де тың дүниелерге тоқталған ректор оқимын деген әрбір жасқа мүмкіндіктің көптігін айтты.
Ақпарат орталығы

/* --- Frontend STM Importer --- */