Ректор Шалқар радиосына сұхбат берді

Оқу ордамыздың басшысы Болатбек Серікбайұлы бүгін Шалқар радиосындағы «Тұғыр» бағдарламасында қонақта болып, журналист Нәзір Сүлейменнің тікелей эфирде сұрақтарына жауаптар берді. Ректор бағдарлама барысында университетіміздегі жастарға көрсетіліп жатқан негізгі қолдауларды айта отырып, тың өзгерістерді де баяндады. Сонымен қатар шетелден мықты мамандар тарту арқылы оқу процесін жоғарылату жайын да назардан тыс қалдырмады.
Ғылым мен инновацияны қолға алып, оқу процесін өндіріспен байланыстырудың нәтижесінде көздеген мақсаттарға жетудің жолдарымен жұмыс жасалып жатқан университет тынысымен таныстыра отырып, жастарға мүмкіндіктердің көптігін алға тартты. Оқу ордамыздағы клубтар жайын айтқан ректор түрлі бағдараламалар мен қолдаулардың арқасында студенттердің арасында тың идеялардың шығып жатқандығын жасырмады. Сонымен қатар университетімізде журналистика мамандығында оқып жатқан талантты білімгерлерге практика тұрғысында үйренулері үшін телестудия мен радионың ашылып жатқандығын жеткізді.
Ақпарат орталығы

/* --- Frontend STM Importer --- */