Ректор Қазақ радиосы мен басты ақпараттық арналарға сұхбат берді

Оқу ордамыздың басшысы Болатбек Серікбайұлы «Қазақстан» Ұлттық аранасындағы «Басты тақырып» сұхбат алаңында тікелей эфирде журналист Саламат Омаштың сұрақтарына жауап берді. Университетіміздегі білімгерлердің бүгінгі жетістіктері мен, атқарылып жатқан мардымды дүниелерге тоқталған ректор ғылымды дамыту жайын да тілге тиек етті. Өңірдегі білім мен ғылымды дамыту барысында қолға алынып жатқан ауқымды жоспарлармен таныстырып, білімгерлердің белсенділігін де айтып өтті.
Сонымен қатар бүгін «Қазақ» радиосындағы «Қайырлы таң, Қазақ елі» бағдарламасында арнайы қонақ болып, сауалдарға жауаптар берді. Оқу ордамызды таныту мақсатында, түрлі сауалдарға жауап қатқан ректор басым бағыттың бірі жастарды қолдау екендігін жеткізді. Жастар жылында белсенді білімгерлерді барынша қолдайтындығын айтқан оқу орда басшысы дуалды оқу жүйесін де назардан тыс қалдырмады.
Сонымен қатар Еліміздің басты ақпараттық арнасы «Хабар 24» -те «Сұхбат» алаңында қонақта болып, журналист Жамбыл Зейнолланың сұрақтарына жауаптар берді. Онда студенттердің әлеуметтік жағдайынан бастап, ғылымды дамыту жайы да сөз болды.Студенттерді жатақханамен қамту барысында инвесторлар іздеп жатқандығын алға тартқан ректор, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көп балалы жанұядан шыққан студенттерге барынша қолдау көрсететіндігін жеткізді. Сонымен қатар ғылымды өндіріспен ұштастырудағы негізгі көрсеткіштерді атай келе, оқу ордамыздың оқытушылары ойлап шығарған түйе сүтінен жасалған қоспалар жайында сөз қозғады. Қант диабетіне ем ретінде жасалған өнімнің алдағы уақытта ерекше қолдауға ие болатындығын айтты.
Ақпарат орталығы

/* --- Frontend STM Importer --- */