Мемлекеттік қызметкерлер мектебінің алғашқы түлектеріне сертификат табысталды

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында өткен жылы құрылған мемлекеттік қызметкер мектебінің студенттеріне сертификат табыстау рәсімі өтті.
Университет президенті Болатбек Абдрасилов пен ректор өкілі Женгиз Томар мемлекеттік қызметкерлер мектебін ашу туралы ұсыныс білдіріп, әрі қарай мектептің өркендей түсуіне септігін тигізген бірқатар мамандарға алғысын білдірді. Студенттердің алғысын тыңдаған басшылық алдағы уақытта Түркия еліне тәжірибе алмасуға жіберіп, халықарлық деңгейге жеткізу керек деген ой білдірді.
Университет басшылығының қолдауымен құрылған Мемлекеттік қызметкерлер мектебіне оқу орнының мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы соңғы курсының үздік 20 студентті іріктелген болатын. Алғашқы күннен бастап оларға мемлекеттік қызмет саласы бойынша Департамент басшысынан бастап, арнайы мамандар дәрістер оқыды.
Белсенді студенттер ағымдағы жылдың 21 қаңтары мен 31 наурыз аралығында облыс әкімі аппараты мен Департаментте өндірістік тәжірибеден өтіп, өздерін болашақ жоғары қабілетті мамандар екенін айқындады. Өндірістік тәжірибе барысында Мемдекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымовамен, Астана хаб комитетінің басқарма төрағасы Әлихан Байменов сияқты бірқатар зиялы қауым өкілдерімен кездесті .
Жиын соңында Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев және Университет президенті Б.Абдрасилов бітіруші түлектерді арнайы құттықтап, сертификаттар табыстады.